I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

20 қазақстандық компания «Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесіне қатысты

14 сентября 2017 г.

20 қазақстандық компания «Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесіне қатысты

Опубликовано:baq.kz


«Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесіне қатысқан Kazakh Invest компаниясы «көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «инвестициялық ынтымақтастыққа салынған ең зор үлес» марапаттарын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


АСЕАН көрмесінде Kazakh Invest-тен бөлек «Рахат» АҚ, «Цесна Астық» концерні, «Евразия Инвест LTD» ЖШС, «Қаржау» шаруа қожалығы, «Абзал и Компания» серіктестігі, «ТК Фарм-Ақтөбе» ЖШС, «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясы, «Бал Текстиль» компаниясы, ASIA WATERS, «Eurasian Foods Corporation» холдингі, «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС, «Карат» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Аллюр Групп», «Кэмонт» АҚ, «Қазфосфат» АҚ, «TENIR-LOGISTIC» ЖШС қатарлы қазақстандық компаниялар өз өнімдерін көрсетті.


Kazakh Invest басқарушы директоры Әділхан Өмірбаевқа марапатты ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының губернаторы Чэнь У (Chen Wu) табыстады.


Көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның Ұлттық стендін ең көрнекті стендтердің бірі ретінде атап өтті және Kazakh Invest компаниясына қазақстандық компанияларға қолдау көрсеткеніне, Қазақстанның әртүрлі өнімін көрсеткен 20 стендті ұйымдастырғанына алғыстарын айтты.


«Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесі Наньжин қаласында 14-рет өткізіліп отырған халықаралық көрмеге Kazakh Invest бұл жолы тұңғыш рет қатысып отыр.

Қазақстаннан келген әртүрлі компаниялардың қатысуының арқасында Қытай мен басқа елдердің кәсіпкерлерінде байланыстарды жолға қою және жабдықтарды жасау, табиғи ресурстарды игеру, энергетика және қоршаған ортаны қорғау, заманауи технологиялар, өнеркәсіптік парктерге инвестициялар жылжыту және қаржы сервистері саласында ынтымақтастық жасау бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігі артты.


«АСЕАН қытайлық серіктестермен байланыстарды жолға салу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды платформа болып табылады. Біз бірден екі марапат алғанымызға қуаныштымыз және Қазақстанның осы көрмеге қатысуы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдіміз», - деп атап өтті «Kazakh Invest» ҰК» АҚ директоры Әділхан Өмірбаев.

Версия для печати

 
07.07.2021 г.

«ЭФКО АЛМАТЫ» завершило строительство сервисно-заготовительного центра

Сегодня в Алматинской области выращивается практически вся соя в Казахстане. Особенно благоприятные условия для ее возделывания на юге и юго-востоке страны, где эта культура на орошаемых землях дает высокие и устойчивые урожаи. Для успешного развития рынка сои и продуктов ее переработки необходима современная инфраструктура. Это позволит обеспечить высокие стандарты качества и хорошую динамику загрузки производства компании.


Месторасположение центра выбрано так, чтобы оно было удобно для аграриев и в то же время находилось в непосредственной близости к производственным мощностям по переработке.


По словам директора ТОО «ЭФКО АЛМАТЫ» Абзала Талтенова, в планах компании на 2021 год – дальнейшее расширение сотрудничества с крестьянско-фермерскими хозяйствами Алматинской области и обустройство сервисно-заготовительного центра. Он будет работать по принципу одного окна и оказывать весь спектр услуг по организации эффективного производства, а также централизованному хранению и реализации сельскохозяйственной продукции. В проект вложено около 90 млн тенге. Площадь центра превышаете 1 тыс. кв. метров, объем единовременного хранения – 1,5 тыс. тонн маслосемян.

Версия для печати