I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
11 апреля 2016 г.

«ЭФКО» КТ Қазақстандағы START-UP TOUR 2016-ға серіктес ретінде қатысты

2016 жылдың 11 сәуірі, Қазақстан, Ресей – Ресейдің май өнімдері нарығындағы аса ірі холдинг және азық-түлік өнімдерінің жетекші өндірушілерінің бірі «ЭФКО» Компаниялар Тобы мен «Бирюч» Инновациялық Орталығы («ЭФКО»КТ-ның құрамына енеді) Алматыда (Қазақстан) 2016 жылдың 30-31 наурызында өткен START-UP TOUR 2016 Еуразиялық кезеңінің серіктесі ретінде қатысты.


_J4A0673.jpg

 Стартап Тур — ұйымдастырушысы «Сколково» қоры болып табылатын, перспективалық инновациялық жобаларды іздестіру мен жоғары технология саласында жобаларды жүзеге асыратын жаңадан бастап жүрген стартап-командалар құзыретін дамыту бойынша Ресей мен ТМД-ғы ең ауқымды іс-шаралардың бірі. 

 

Іс-шараның бағдарламасы Ресейдің 11 қаласындағы және ТМД мемлекеттерінің екі қаласындағы -   Алматыда (Қазақстан) және Минскте (Белоруссия) роудшоуды қамтиды, жобалардың ақтық іріктеуі Мәскеуде Startup Village аясында 2-3 маусымда өтеді. Конкурстық жоба бес бағыттан тұрады: биологиялық және медициналық технологиялар, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі биотехнологиялар, өнеркәсіптік технологиялар мен материалдар, энергетика және энергиялық тиімді технологиялар мен ақпараттық технологиялар


_J4A9074.jpg

2016 жылдың 30-31 наурызында Алматы қаласында START-UP TOUR Еуразиялық кезеңі өтті, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «Инновациялық технологиялар паркі» (Almaty Tech Garden) автономдық кластерлік қоры және елдің ең көне бизнес саласындағы жоғарғы оқу орны - Almaty Management University болды.

 

«ЭФКО» Компаниялар Тобы және «Бирюч» Инновациялық Орталығы шараның серіктестері ретінде қатысты және кезең аясында «Азық-түлік индустриясындағы биотенхнологиялар» атты өз аталымдарын жариялады.  


«Бирюч» Инновациялық Орталығының бизнес-әкімшіліктендіру жөніндегі директоры Татьяна Санинаның айтуынша, бұл – компания үшін мемлекеттен тыс мұндай шараларға қатысу барысындағы алғашқы тәжірбие. «Біз Ресейде өте бесленді түрде жетекші бейінді жоғарғы оқу орындармен, акселераторлармен жұмыс жасаймыз және талантты жастарға тікелей қолдау көрсетеміз. Алайда, ғылым мен инновацияда шек жоқ, сондықтан, біз үздік тәжірбие мен озық технологияларды зерттеп, оларды компанияға тартамыз. Қазақстан білім мен иновацияның дамуына бейімделген, сондықтан «ЭФКО» үшін Еуразиялық экономикалық одақтың май саласындағы көшбасшысы ретінде осы мемлекеттегі стартап турды қолдау – кәдімгі логикалық қадам».

_J4A1125.jpg

 

Іріктеу нәтижелері бойынша «ЭФКО» КТ бағдарлама қатысушыларын естелік сыйлармен марапаттады. Одан бөлек, бірнеше жобалар әрі қарай әріптестікті қарастыру мақсатында іріктеліп алынды, мәселен, Романико ағайындыларының ұнның, астықтың және жемдердің сапасын бағалау жөніндегі құрылғыны жасау бойынша жобасы.


Татьяна Санинаның сөзінше, START-UP TOUR Еуразиялық кезеңі біршама қызықты болды, бірақ көптеген жобаларға әлі жан-жақты жұмыс істеу мен нақты өндіріске бейімделу жетіспейді. «Біз IT саласында көптеген жақсы жобаларды көрдік, ал агроөнеркәсіптік кешен мен биотехнологиялар саласында әзірге ондай жобалар аз. Иә, бұл тауашалы нарық, бірақ бүгінгі күні өсім үшін дәл осылар Ресейде де, Қазақстан Республикасында да едәуір потенциалға ие. Келесі жылы турда ұсынылған жоабалардың сапа жағынан өскенін көретінімізге сенімдімін».

   

Версия для печати

Вакансии: