I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

ТОО «ЭФКО АЛМАТЫ»

ЭФКО АЛМАТЫ ЖШС-Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі. «ЭФКО» Компаниясының Халықаралық Тобына кіре

Бүгінгі таңда мынадай қуаттарға ие:

• мынадай көлемде сояны қайта өңдеу - тәулігіне 450 тонна.
• маргариндар мен өндірістік майларды шығару – тәулігіне 100 тонна.
• бутилирленген май шығару – тәулігіне 140 тонна.

Өндірісті жаңғыртудың және соңғы бірнеше ай ішінде ендірілген жаңа технологиялардың арқасында кәсіпорын жергілікті шикізатты терең өңдеу негізінде жоғары сапалы май өнімін шығаруды ретке келтіре алды. Компания республиканың ішкі қажеттілігін жауып қана үлгермеді, сонымен қатар қазақстандық өнімді экспортқа да шығара бастады. «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС Республиканың аумағында «даладан» «түпкілікті өнімге» дейін деген вертикалды ықпалдастырылған модельмен бірегей май кластерін жасау жөніндегі жобаны іске асыру бойынша зәкірлі компания болып табылады. Жоба кәсіпорынның барлық бағыттар бойынша қуатын 1,5 есеге ұлғайтатын «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-ның өндірістік қуаттарын қайта құруды және жаңа өндірістердің құрылысын білдіреді. Іске асырылып отырған жоба елдің тағам саласын дамытуға ғана ықпал етпейді, сонмыен бірге өңір үшін жоғары әлеуметтік мәнге ие болыпы отыр. 750 астам жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 580 астамы – жоғары білікті өндірістік қызметкерлер үшін. Кәсіпорын базасында жеке оқыту орталығы құрылды, ол арнайы майлар мен маргариндарды шығарудағы әлемдік технологиялар трансферін қамтамасыз ету үшін өндірістік қызметкерлерді даярлау деңгейін арттыруға көмектесті. Күрделі микроэкономикалық жағдайға қарамастан, бірақ әрине Республика үкіметінің қолдауымен компания өндіріс пен экспорт көлемін өсіруге ниетті – ол Қазақстанға 2025 жылдарға қарай Орталық және Орта Азиядағы май өнімінің негізгі жеткізушісі болуына ықпал етпек.

«ЭФКО» КОМПАНИЯ ТОБЫ

«ЭФКО» Компания тобы — Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің май лидері, Ресейдің агроөнеркәсіп кешенінің үш ірі компанияларының құрамына кіреді және тағам өнеркәсібіндегі өнімді сату көлемі бойынша ірі компаниялар тізімінде 8-орынға ие. 2014 жыл қорытындылары бойынша Forbes нұсқасы бойынша Ресейдің 100 ірі жеке меншік компанияларының арасына кірді.

Компания сондай-ақ РФ азық-түлік қауіпсіздігіне ықпал ететін тағам өнеркәсібінің жүйесін құрайтын кәсіпорындар және өнім өндірушілерінің қатарына кіреді. «ЭФКО» кондитерлік, нан пісіру және тағам өнеркәсібінің басқа да салаларында пайдаланылатын тағам ингредиенттерінің нарығында лидер болып табылады, «Слобода» мен Altero сияқты кеңінен танымал брендті майонез, өсімдік майы, кетчуп, сүт және сүт қышқылын шығаруда жетекші өндіруші, сондай-ақ ауылшаруашылық жануарлары мен құстарына арналған тағамдар компоненттерін шығаруда ірі өндіруші болып табылады. Компания өнімі әлемнің 40 астам еліне экспортталады.

Компанияның өндірістік активтері Белгород, Воронеж, Свердловск облыстарында, Краснодарск өлкесінде, Подмосковьеде және Қазақстанда орналасқан. «ЭФКО» КТ стратегиясы пайдалы өсуге, нарықтық позицияларды нығайтуға және жұмыс істеу географиясын кеңейтуге бағытталған.

Версия для печати
Вакансии: