I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

Компанияның табиғатпен қарым-қатынасы

Қазіргі заманда табиғатты аялау кезк елген бизнес жұмысының іргетасы болып табылады, себебі қоршаған ортаның жай-күйінің жақсы болуына адамның денсаулығы және келешек ұрпақтың өмір сүру салты тікелей байланысты болып отырады.

Осы себептерге байланысты «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС Республикадағы май саласының ірі компанияларының бірі болғандықтан өз жұмысын табиғатқа деген теріс әсерін барынша азйтатындай етіп басқарады.

Экология саласындағы компания қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық стандарттарға негізделген.

Өндірістің экологиялық тұрақтылығына бизнестің экологиялық сипаттарын жақсартуға инвестициялау, инновациялық жобаларды іске асыру және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

«ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС Республикадағы май өнеркәсібіндегі лидер болып табылады, сондай-ақ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында да лидерлікке ұмтылып отыр. Өндіріс технологиялық процестерінің қауіпсіздігі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау біздің маңызды басымдықтарымыз болып табылады.

Версия для печати
Вакансии: