I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
29 апреля 2016 г.

ЕЭК мен Қазақстанның атқарушы билік өкілдері «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-нің өндірістік алаңының қайта құрылу жобасының барысына баға берді

2016 жылдың 29 сәуірі, Алматы, Қазақстан - 28 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіптік саясат департаментінің, Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының және ЕАЭО Май ассоциациясының өкілдері «ЭФКО АЛМАТЫ»ЖШС-нің өндірістік алаңын қайта құру жобасының барысын қарап шығып, бағалады. 


Құрамына  ЕЭК агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры  Станислав Бубен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев, Қазақстан Республикасы Паралмент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ерлан Барлыбаев, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының азықтық Комитетінің хатшысы Ербол Есинеев,  «МаЖиКо» атқарушы директоры Қайрат Нүрпейісов, Еуразиялық экономикалық одақтың Май Ассоциациясының атқарушы директоры Александр Мухлаев,  май өнімдері өндірушілері мен тұтынушылары Ассоциациясының атқарушы директоры  Екатерина Нестерова енген делегация Қазақстандағы  «ЭФКО» компаниясының өндірістік алаыңан барып қайтты.


Шолу бағдарламасы «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-нің өндірістік объектілерін – қуаттылығы күніне 400 тоннаға шақ  сояны қайта өңдеу бойынша май экстракциялық  зауытын,  арнаулы майлар мен маргариндерді өндіру бойынша зауытты және бөтелкедегі өсімдік майын өндіретін зауытты шолудан құралған.   


^0933FA0427B9370A7D019A8169F3EB322145A20D86CCBBF567^pimgpsh_thumbnail_win_distr.jpgБүгінде  «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС ҚР аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі болып табылады. Кәсіпорын директоры Нұржан Қожамұратовтың айтуынша, зауыт перспективалы щикізат аймағында орналасқан және 400 жергілікті ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерден шикізатты сатып алады, одан бөлек, таяуда компания жергілікті аграрлық мамандарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. «Аванс беру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жоғары сапалы соя тұқымдары мен өсімдіктерді қорғау құралдары ұсынылады. Бұл өнімділікті және ортақ жалпы терімді арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз»,- деп атап өтті ол.


Қонақтар компанияның арнаулы майлар мен маргариндер өндірісі бойынша зауытына баса назар аударды. Өнімнің бұл түрі кондитерлік, нан пісіру, сүт және азықтық өнеркәсіптің басқа салаларында азық-түлік өнімдерін өндіру үшін ингредиент ретінде қолданылады. Өндірісті жетілдіру мен жаңа қазіргі технологияларды енгізу арқасында кәсіпорын бар болғаны бірнеше айдың ішінде жоғары сапалы май өнімдерінің өндірісін реттей алды. Бұған дейін Қазақстан арнаулы майларды ғана имортқа шығарған, енді компания республиканың ғана қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қоса  қазақ өнімдерін Орта Азия елдеріне экспортқа белсенді түрде шығаруда.


Компания жоспарында – өндірісті кеңейту және экспорттық жеткізілімді арттыру, соның арқасында Қазақстан орташа мерзімді кезеңде  Орта Азия мемлекеттерінің май нарығында үстем ойыншы болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының атқарушы билік



Версия для печати

Вакансии: