I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
12 мая 2016 г.

«ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС Алматы облысының агрономдар жиналысына қатысты

2016 жылдың 12 мамыры, Сарқант, Қазақстан – 2016 жылдың 6 мамыры Сарқантта  Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының дәстүрлі агрономдар жиналысы аясында  Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС аймақтың ауыл шаруашылық өнімдерін өнідрушілерін қолдау бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар, семинар-жиналыс жұмысына республиканың облыстық мемлекеттік органдары мен АӨК кәсіпорындарының 140-тан астам басшылары қатысты.

Жиналыстың негізгі тақырыбына топырақты тұқым себу алдында өңдеу, гербицидтерді қолдану, тұқымдық материалдың спаасы, сояны себу технологиясы және тағы басқалары айналды.
 
агросеминар.jpgСеминар қатысушылары атап өткендей, соя аймақтағы агралық мамандар үшін барған сайын ең танымал дақылға айналуда – ол азық-түлік өнеркәсібінде, етті жне сүтті мал шаруашылығында   сұранысқа ие, сондықтан оны өндіру көлемін арттыру бүгінде мемлекеттік маңызға ие. Осыған байланысты Қазақстандағы ең ірі май тұқымдарын өңдеуші «ЭФКО» Тобы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге аванс беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастайды. Ол туралы өз сөзінде «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-нің директоры  Нұржан Қуанышұлы Кожамуратов баяндады.


«Сапалы, өнімділігі жоғары соя тұқымдары және өсімдіктерді қорғау құралдары өзіндік құны бойынша өткізіледі десе де болады, және тұрақты әрі кепілдендірілген сатып алу жүйесінің арқасында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өз өнімін өткізу кепілдігіне ие болады,- деп түсіндірді ол.

Мәселе 1-репродукциялы «Селекта 302» сұрыпты аудандастырылған соя бұршағының тұқымдары жайлы – ол жергілікті климат жағдайларында өсіруге барынша қолайлы болып есептеледі және 1 гектардан кемінде 5-10 центнер өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. 

Одан бөлек, «ЭФКО» агротехнологиялар мәдениетін көтеруге бағытталатын ауқымды білім бағдарламасын іске қосуды жоспарлауда. Компаниядағылар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау бағдарламасын жүзеге асыру ҚР-ғы май тұқымдарының өнімділігі мен ортақ жалпы терімнің артыуына мүмкіндік береді деп үміттенеді.  

Версия для печати

Вакансии: