I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

"ЭФКО" КТ Қазақстандағы май кешенін жетілдіру үшін $32,5 млн салды

16 апреля 2015 г.

"ЭФКО" КТ Қазақстандағы май кешенін жетілдіру үшін $32,5 млн салды

Жарияланды: ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН

"ЭФКО Алматы" ЖШС ("ЭФКО" КТ кіреді), Қазақстандағы ірі май кәсіпорындарының бірі, жұма күні кәсіпорын қуатын жылына 120 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берген жетілдіруден кейін өндірісті іске қосты. Кәсіпорынды жетілдіруге 11 млрд теңге ($32,5 млн) жұмсалды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өндірістің қосчыуына старт берді. "Бұл өте маңызды өндіріс, қазір біз үшін Қытайдың жаңа нарығы ашылуда. Сол себепті, мперспектива үлкен – дақылдарды өсіру алаңшасын кеңейту, көп май шығару, мен Сіздерді құттықтаймын", - деді ол жұмыа күні Астанада ел өңірлерімен телекөпір кезінде.

Кәсіпорында 750 жұмыс орындары және өзінің оқыту орыны құрылды. "ЭФКО Алматы" ЖШС жақын арада Орталық Азиядағы май өнімінің ірі жеткізушісі болуға үміттеніп отыр.

«Интерфаксқа» "Управляющая компания "ЭФКО" АҚ басылым-қызметі бастығы Александр Япрынцев хабарлағандай, жұма күні пайдалануға тулігіне қуаты 140 тонна болатын бөтелкеленген өсімдік майын өлшеп қою желісі пайдалануға берілді. Өнім қазақстандық нарыққа жеткізілетін болады және көрші елдерге экспортталатын болады: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Афганистан және бірқатар басқалар.

Жаңа қуаттарды іске қосу Қазақстанда май кластерін құру жөніндегі жобаны іске асыру кезекті кезең болды. Оны құруды мемлекет басшысы 2015 жылы мақұлдады. "ЭФКО Алматы" ЖШС қазіргі таңда соянеы өңдеу бойынша тәулігіне 450 тонна көлемге дейінгі қуатқа және қуты тәулігіне 100 тонна болатын арнайы майлар мен маргариндарды шығару жөніндегі зауытқа ие.

"ЭФКО" КТ кондитер, нантоқаш және тағам өнеркәсібінің басқа да салаларында пайдаланылатын тағам ингредиенттерін шығарумен айналысады, майонезді, өсімдік майын, кетчупты, сүт және сүт қышқыл өнімін ірі өндірушісі, сондай-ақ ауылшаруашылық жануарлары мен құстары үшін тағам компоненттерінің өндірушісі болып табылады. Компания өнімі 40 астам елге тасымалданады.

өндірістік активтері Белгородск пен Свердловск облыстарында, Краснодарск өңірінде, Мәскеу тбінде және қазақстанда орналасқан. Компания иелері оның топ менеджерлері болып табылады.

Версия для печати

Вакансии: