I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

ҚР Президенті телекөпір барысында Алматыдағы май зауытын іске қосты

3 апреля 2015 г.

ҚР Президенті телекөпір барысында Алматыдағы май зауытын іске қосты

Жарияланды: strategy2050.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған индустриализациялау қорытындыларын жасауға арналған телекөпір барысында «ЭФКО Алматы» май кешенінің өндірісін іске қосты.

«Өткен жылы Шетел инвесторларының кеңесінде Сіз Қазақстанда май кластерін құру жөніндегі жобаны мақұлдаған болатынсыз. Ағымдағы жылы біз 11 млрд теңгеге Алматыда жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жетілдірдік, жаңа технологиялар енгіщдік, 750 жаңа жұмыс орындарын құрдық және жылына 120 мың тоннаға дейін май өнімін шығаратын боламыз», - деді кәсіпорын директоры Нуржан Кожамуратов.

Оның сөздерінше, әлемдік технологиялар трансфертін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын базасында өздерінің жеке оқыту орталығы құрылған. «Біз өндіріс көлемін ұлғайтуға бел будық және жақын арада Орталық Азиядағы май өнімінің негізгі жеткізушісі болмақпыз», - деп атап өтті ол.

ҚР Президенті атап өткендей, бұл бәсекеге қабілетті өнімді шығара алатын өте маңызды өндіріс. «Қазір өсімдік майлары үшін ҚХР-да жаңа нарық есігін ашуда, солс ебепті келешек зор, дақылдарды шығаруға арналған алаңшаларды кеңейту және экспорттықпен бірге бәсекеге қабілетті тауар шығару керек. Зауытты іске қосуға рұқсат беремін», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 120 тонна өнім екенін атап кеткіміз келіп отыр. Тұрақты жұмыс орындарына бұл жерде 750 адам ие болатын болады.

Версия для печати

Вакансии: