I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

Лазебная Эльвира

23 жас, директордың стратегиялық менеджмент бойынша орынбасары

«ЖОО-да алған теориялық білімдерімді жарнама саласындағы практикалық дағдылармен ұштастыру 2-ші курстан бастап сырттай бөлімге ауыстым. 3 жыл бойы мен өз құзыреттіліктерімді арттыра отырып, дамуға болатын компанияны іздестірумен болдым. Сөйтіп, HeadHunter.ru-да «ЭФКО» вакансиясын көріп, ақпарат жолдап едім, бірінші әңгімелесуге шақырды. Содан кейін тағы да бір әңгімелесу болды, содан кейін тағы да - осылай бес рет. Бірақ мен бұл компанияға маркетолог лауазымына тұруды қатты қаладым және маған осы лауазымды ұсынды. Мен ол кезде алда өзімді не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Менімен болған ең маңызды және күшті оқиғалардың бірі – «Бирюч» менеджмент мектебіндегі оқуым болды, ол жерде мен өзім үшін ғылым ретінде психологияны аштым. Сол кезден бастап ойымды, өз әрекеттерімді және өзгелердің әрекеттерін өзімнің оқу процесінде алған пәндік білімдерім тұрғысынан талдауға тырысамын. Бұл өзіме және адамдарға деген тамаша тәсілдеме, субъективті, әрине, бірақ өте тиімді. Кейде мен ойлағандай болып шығады да.

Компания мен менеджерлер арасында, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарда сыйластық пен өзара ризашылдық бар – бұл оң эмоциялар көзін және бұдан да тиімді жұмыс істегісі келу сезімін береді. Мен істеген нәрсеге бар жанымды салуға тура келеді, себебі компанияның барлық қызметкерлері жұмыстарына жан-тәнімен қарайды.

Жұмыстың ең басты күрделілігі адамдар ең әр түрлі: әр түрлі ойларымен, мақсаттарымен және міндеттерді шешу тәсілдемелерімен болады. Алдымен жалпы мақсатты анықтап алу өте маңызды, содан кейін сол мақсатқа қарай жүру керек, мүмкін келіспеушіліктермен және даулармен жүру керек шығар, бірақ дәл солар ғана көбіне ең дұрыс шешімге қол жеткізуге көмектеседі. Бастысы – жолдан таймау және бір нүктеге батып қалмау, ал егер батып қалсаңыз, оны ұғыну және одан әрі қарай жылжуды бастау маңызды.

«ЭФКО» компаниясы маған бәріне бірнеше жақтан көзқарас көмегімен дұрыс теңгерімді (адамдармен қатынаста, өмірге, таңдаған жолға деген қатынаста) табуды үйретті, дәлірек айтқанда әлі де үйретіп келеді, өз жақсы жақтарың мен жаман жақтарыңды көрген кезде – оларды дұрыс бөлу, «плюстарды» дұрыс басқара білу және «минустарды» тегістей білу маңызды. Алдымен ойланып алуды, содан кейін барып істеуді, бірақ ойлануды тым созып жібермеуді үйрендім. Алдағы уақытта бұл әдетке айналады деп сенемін.
Мен өзімді бақытты деп атай аламын, өйткені маған, жас маманға компания бүтіндей дивизионды сеніп тапсырғаны үшін ризашылық сезімімен өмір сүрудемін. Дивизион – бұл адамдар, ал адамдар – ессіз жауапты, бірақ ессіз қызықты да, және менің оларды ұятқа қалдыратын мүмкіндігім жоқ».

Версия для печати

Вакансии: