I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

«ЭФКО Алматы» оқу орталығы кәсіпорынды білікті қызметкерлер құрамымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың 1 наурызында Басшылықтың бастамасымен құрылды.

Оқу орталығының негізгі міндеті – бұл компания қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жинақталған тәжірибені беру, жаңа жабдықтармен жұмыс жасауға үйрету.

Оқу орталығы жүзеге асыратын, кәсіпорын шегіндегі қосымша білім беру бағдарламалары: қызмет бағыттары бойынша өндіріс технологияларына үйрету, тренингтер және қызметкерлер құрамын аттестаттау бағдарламсы, сондай-ақ кәсіби қайта даярлық және компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Оқу Орталығының аумағында бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика зертханалары, сілесірлік зертхана және химиялық талдау зертханасы жабдықталған.

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика зертханасында электриктер оқытудан өтеді. Сілесірлік зертханада сілесірлерді, реттеушеушлерді, операторларды және инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқытады. Химиялық талдау зертханасы өндіріс технологиясы және майлар химиясы бойынша оқыту жүргізеді.

Қызметкерлер құрамы оқытылатын бағдарламалар мен тренингтер қызметкерлердің қызмет бағытына байланысты болады. Қызметкерлер құрамына сабақтар мен аттестацияларды арнайы пәндерді оқыту бойынша көп жылдық өтілі бар білікті мамандар жүргізеді.

Версия для печати
Вакансии: