I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

Ковалевский Ростислав

25 жас, Қазақстандағы бизнесті басқару және дамыту департаментінің атқарушы директоры

«Компанияға жұмысқа кіре отырып, ең бірінші түсінгенім – бұл «ЭФКО»-дағы жұмыстың географиялық та, қызмет түрінің де, құзыреттіліктерінің де шегі жоқ екендігі. Компанияда жұмыс істей отырып, зерігу мүлдем мүмкін емес, оның аясында жүзеге асырылатын жобалар спектрі соншалықты ауқымды: сусабынның (шампунь) инновациялық рецептурасынан бастап соя тұқымдарының селекциясына дейін, порттық инфрақұрылымнан өнеркәсіптік майларға дейін, станокта немесе далада жұмыс жасау практикасын алудан Алексеевка мен Воронежден бастап бүтіндей кәспорындарды басқару тәжірибесіне дейін.

Компания әр адамға өзін табуға, өз өмірін байланыстырғысы келетін қызмет саласын таба білуге мүмкіндік береді. Ішкі қанағаттанушылықты беретін және өзінің жақындарының тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін жұмысқа бару – адам үшін бақыт деген осы емес пе... Егер компанияның жұмыс уақыты кезіндегі ең есте қалатын жоба туралы айтар болсам, Таманьдағы өндірістік алаңқайдың электр жабдықтау жүйесін оңтайландыру бойынша жоба болды деп ойлаймын. Қара теңіздің жағалауындағы жұмыс аясында май сақтау бактеріне де, локальдық-тазалау құрылыстарының шытырмандарына да шығу, электр сілесірден бастап зауыт директорына дейін қызметкерлермен коммуникацияларды жүйеге келтіру бақытына ие болдық. Аталған жоба маған мен үшін мүлдем жаңа білімдерді алуға да, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі мамандармен қарқынды байланыстар тәжірибесін меңгеруге де көмектесті.

Версия для печати

Вакансии: