I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

Ибрагимов Теймур

28 жас, қант қызылшасы сірнесін және күнжараны ауыстыра тиеу бойынша атқарушы директор

«ЭФКО» компаниясы туралы мен 2011 жылы достарымнан естідім, олар аталған компанияның тұрақтылығы, онда карьералық өсу үшін нақты мүмкіндіктер бар екендігі, кәсіби тұрғыда да, тұлғалық жағынан да даму мүмкіндігі, материалдық бағытта да бәрі жақсы екендігі туралы әңгімеледі. Сол сәтте мен Воронеж қ. темір жол ауданының тергеу комитетінің тергеу басқармасында қоғамдық көмекші болып қызмет атқарып жүрдім (бұл қоғамдық бастаудағы жұмыс болды деуге болады). Сол жылы менің «ЭФКО»-дағы достарым маған олардың командасы үшін футбол ойнауымды ұсынды, өйткені менің футболмен кәсіби айналысатынымды білетін еді, мен келістім. Осылайша, жыл бойы ойнадым, содан кейін маған әңгімелесуден өтуді ұсынды. 2012 жылдың тамызында мен Воронеж қаласындағы «ЭФКО» ОК ЖАҚ филиалының бақылау-аналитикалық басқармасының қаржылық сүйемелдеу бөліміне қабылдандым.

Компанияда еңбек еткен 3 жылдың ішінде немен айналыссам да, әрдайым мұны маңызды істердің бірі деп санадым, және де мен қандай да бір міндетті орындамай қалсам, яғни оны ешкім де орындамайды. Менің міндеттерім үнемі күрделі болды, алайда олар қаншылықты күрделі болған сайын, соншалықты қызықты бола түсті. Түні бойы отыруға да, 100 реттен қайталап жасауға да тура келген кездер болды, ең бастысы, осының арқасында мен тиісті нәтижеге қол жеткізуге үйрендім, және бұл маған еш қиындық келтіріп көрген емес. Мен үшін компания ең бірінші кезекте кәсіби қызметте де, адамдармен қарым-қатынаста да мол білім мен тәжірибе берді, сондай-ақ өз отбасымды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді деп ойлаймын.

Маған өзімнің нысандарға рұқсаттық құжаттарды берумен айналысқан Алексеев соя комбинаты құрылысының жобасы есімде қалды. Дәл осы жобада мен рұқсаттық және атқарушылық құжаттаманы алу, құрылыс нысандарын заңдастыру тәртібі саласында жақсы бастапқы білімдерді игердім деп ойлаймын. Қиыншылықтар жобада жетіп артылды, бірақ олар қай жобада болмап еді?! Компанияға түсе отырып, мен егер саған міндет қойылса, оны шешу керектігін және оны жасаудың қалай қиын екендігін ойлап табудың керегі жоқтығын түсіндім (саған тек сен шешуге қабілетті міндеттер қойылады).

Версия для печати

Вакансии: