I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
28 сентября 2016 г.

Казахстан Өзбекстанға бөтелкедегі майдың экспорттық жеткізілімін арттыруда

2016 жылдың 23 қыркүйегі, Алматы, Қазақстан – Қазасстандағы ең ірі май кәсіпорындарының бірі  «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС  экспортқа бөткелдегі өсімдік майын шығаратынын жариялайды. Көлемі 500 тоннадан астам жергілікті шикізаттан Алматыда өндірілген «Слобода» және «Солнечный венец» сауда белгілерінің күнбағыс майының алғашқы партиялары Өзбекстанға экспортталған.


Мұл оқиға республика үшін маңызды болып табылады. «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС бас директоры  Нұржан Кожамуратовтың сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан  өсімдік майларының нетто-импорттаушысы болған. «Енді біздің еліміз экспортқа шығарылатын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті май өнімдерін жеткізу мүмкіндігіне ие.  Өзбекстанға экспорттық жеткізуді бастау – Қазақстанның экспорттық  кеңейту бойынша алғашқы қадамы ғана.  Компания жоспарында – экспорттық жеткізілім географиясын кеңейту, соның ішінде Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан және басқа мемлекеттер».


telemiost_efko_almaty_2.jpgБөтелкедегі өсімдік майын буып-түю желісі 2016 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Респубикасының президентінің қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында іске қосылды. «Дақылдар өсіретін аудандарды кеңейту, сапалы және бәсекеге қабілетті экспорттық тауар ретінде барынша мол май өндіру – сендердің міндеттерің («ЭФКО АЛМАТЫ»ЖШС)», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңа қуаттарды іске қосу – негізгі міндеті «алаңнан» «қорытынды өнімге дейін» вертикалды интегралданған бизнес-үлгіні жасау болып табылатын Қазақстан Республикасы аумағында әмбебап май кластерін жасау бойынша жобаны   жүзеге асырудың кезекті кезеңі болды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесі – шикізаттың да (күнбағыс  пен соя бұршақтарының дәндері ), Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін ғана қанағаттандырмай,  кеңінен экспортқа шығарылатын қорытынды май өнімінің де өндірісінің артуы болмақ, соның арқасында 2025ж. Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдеріне май өнімдерін тасымалдайтын негізгі жеткізуші бола алады. 

Версия для печати

Вакансии: