I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
2 сентября 2016 г.

«ЭФКО АЛМАТЫ» Сарқант ауданының бірінші сынып оқушыларын мектепке даярлады

2016 жылдың 2 қыркүйегі, Қазақстан – 1 қыркүйек «Бірге мектепке барамыз» әлеуметтік акциясының аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС Сарқант ауданының барлық бірінші сынып оқушыларына балалардың шығармашылығын дамытуға қажетті мектеп құрал-жабдықтарының жиынтығын сыйлады.

Бірінші сынып оқушысына берілетін сыйлық – бұл, ең алдымен, оған сабақ барысында қажет болатын жабдықтар:  бояулар, қарындаштар, ^CF80D899FC89C695FD71135BDE56E74E179892CF6D9EBE570F^pimgpsh_fullsize_distr.jpgфломастерлер, альбомдар, дәптерлер және балаларға олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға  мүмкіндік беретін басқа да пайдалы мектеп құралдары.

Бұл жылы «ЭФКО АЛМАТЫ» компаниясынан мұндай сыйлықты Сарқант ауданының 30 мектептеріндегі 900-ден астам ұлдар мен қыздар иеленді.

Новопокровск орта мектебінің салтанатты жиынының ашылуында сөз сөйлеген Сарқант ауданының әкімі Е.Қ.Қошанбеков: «Біздің серіктесіміз – «ЭФКО АЛМАТЫ» компаниясы өз кеңесінде осы мейрам күні Сарқант ауданының барлық мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, әр бірінші сынып оқушысына мектеп құрал-жабдықтарының жиынтығын сыйлауды шешті. Ол оқушылардың білім әлеміндегі жақсы көмекшісі болмақ. Барлық ата-аналардың атынан компания басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз»,-деді.

Балалар сыйлық ішіндегілерін ашып қызықтап, қуаныштарын жасыра алмады және жаңа оқу жылында үздік оқуға уәде берді. Бірінші сынып оқушысы Гүлназ Сартбаеваның анасы: «Бүгін біз үшін ерекше күн бодды. Мұндай ірі компанияның көңіл бөлуі қуантпай қоймайды»,- деп атап өтті.

Одан бөлек, 25 жиынтықты компания өкілдері мен аудан әкімі жаңа бала-бақшаның бүлдіршіндеріне табыстады.

«Біздің компания балалар – өміріміздің жауһары екенініне сенеді. Оларға күн сайын, әсіресе, олар өздерінің алғаш тәуелсіз қадамдарын жасағанда, махаббатыңды арнап, көңіл  бөліп,  қамқор болу қажет»,- екендігін атап өтті «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС директоры Нұржан Кожамуратов   – «Мектепке бірге барамыз» акциясын компания өңірде алғаш рет өткізіп отыр, бірақ оны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз.  Сондай-ақ, таяу арада бірнеше жақсы әлеуметтік жобаларды бастамақпыз».

Версия для печати

Вакансии: