I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
13 мая 2016 г.

«ЭФКО» КТ Орта Азиядағы серіктестерді Қазақстандағы өндіріспен таныстырды және келешектегі жоспарларымен бөлісті

2016 жылдың 13 мамыры – «ЭФКО» Компаниялар Тобы, ресейлік май өнімдері нарығындағы ірі вертикалды интегралданған холдинг, «Азықтық өнім өндірісіндегі май ингредиенттері» алғашқы Орталық Азия конферяциясын өткізді. 

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыстанның 100-ден астам  азық-түлік өнеркәсіп өндірушілері қатысқан іс-шара Алматы қ. 27 және 28 сәуірде өтті.

_MG_4231-1.JPGЕкі күн ішінде конференция қатысушылары май саласының қазіргі жағдайын, нормативтік-техникалық реттеуді, өндіріс үрдістерін, экономикалық аспектілер мен азық-түлік индустриясының  жұмысының ерекшелігімен байланысты көптеген басқа мәселелерді талқылады.  Соңғы зерттеулерге сәйкес жүрек-қантамырлар ауруларының дамуының себептерінің бірі болып табылатын құрамында қанықпаған май қышқылдарының трансизомерлері аз  (ҚМҚТИ) май өнімдерін өндіру мәселелеріне баса назар аударылды.

Одағының Техникалық регламентіне сәйкес 2018 жылы кондитерлік майлардағы май қышқылдарының трансизомерлерінің үлесін 2 %-ға дейін заңнамалық шектеу қарастырылған, ал бұл -  кондитерлік, нан пісіру және сүт салаларының өндірушілеріне жаңа майлар түріне ауысуға тура келеді  деген сөз.

8Q7E9150.jpgКонференцияның бірінші күнінің соңында қатысушылар үшін Қазақстанның оңтүстік астанасының – әлемнің ең әдемі қалаларының бірінің көшелері және Медеу шатқалына экскурсияға шығу жағымды сый болды.

Конференциияның екінші күнінде қатысушылар «ЭФКО» халықаралық тобының құрамына енетін «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-нің арнаулы майлар мен маргариндер өндіретін зауытына барып қайтты.  Қонақтар көргендеріне таңырқап қалды.  Жұмыс цехтарының жаңартылуының, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін құрылғылардың орнатылуының және қазіргі технологиялардың енгізілуінің арқасында  «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС әрдайым бар болғаны бірнеше ай ішінде  жоғары сапалы май өнімдерінің өндірісн жақсартатын. Алдыңғы қатарлы еуропалық құрылғылармен жабдықталған жаңа өдірістік зертханаға қомақты қаржы жұмсалды. Зертхана майлардың физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеуге мамандандырылған және әр дайын өнім топтамасының бақылауын жүзеге асырады.

Экскурсия соңында қонақтар жасыл саяжолды салу мен ағаштарды отырғызуға қатысты. Түпкі ой бойынша саяжол  өндірістік алаң  аумағының табиғи тазалығын ұстап тұратын қолайлы орын ғана болмайды, сонымен қоса ғаламшардың жасыл қорын толықтырады.  

«ЭФКО»-ның таяудағы жоспарында –Алматы технологиялық университеті негізінде республикадағы алғашқы май өнімдерінің қолданбалы зерттеулерінің Орталығын ашу.  Ол білім беру және ағартушылық функцияларды өз мойнына жүктейді және Орта Азия мемлекеттерінің азық-түлік саласының өндірушілерінің қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми-зерттеу қызметімен, пайдалы тамақтану желісіне арналған май өнімдерін және инновациялық рецептураларды әзірлеумен айналысады.


Версия для печати

Вакансии: