I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY
1 июля 2016 г.

«ЭФКО» КТ Алматыда бөтелкедегі өсімдік майын буып-түю желісін іске қосты

2016 жылдың 01 шілдесі, Алматы, Қазақстан – Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-нің («ЭФКО»халықаралық Компаниялар Тобының құрамына енеді) зауытында қуаттылығы тәулігіне 140 тонна болып табылатын бөтелкедегі өсімдік майын  буып-түю желісі іске қосылды. Өндірісті іске қосу  республика аумағындағы әмбебап май кластерін шығару бойынша жобаны жүзеге асырудың маңызды қадамы болды.

oil_almaty.jpg«ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС бүгінде Қазақстан аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі болып табылады. Компания тәулігіне 450 тоннааға дейінгі көлемде сояны қайта өңдеу бойынша қуаттылыққа және қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға шақ арнаулы майлар мен маргариндер өндіретін зауытқа ие.

2016 жылдың 1 шілдесінде индустриаландыру бағдарламасының  екінші бесжылдығының жаңа жобаларын іске асыру бойынша  жалпыұлттық телекөпір аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зауытта қуаттылығы тәулігіне 140 тоннаға шақ бөтелкедегі өсімдік майын буып-түю желісі іске қосылды.

Өндіріс ең жаңа құрылғылармен жабдықталған және «Слобода» мен «Солнечный венец» өсімдік майын Қазақстанның ішкі нарығы үшін, жақын мемлекеттерге де, атап айтқанда,  Өзбекстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Ауғанстанға және тағы басқаларына да экспортқа шығарады.


telemiost_efko_almaty.jpgЖаңа қуаттарды іске қосу Қазақстан Республикасы аумағындағы әмбебап май кластерін жасау бойынша жобаны   жүзеге асырудың кезекті кезеңі болды, оны жасау Елбасы тарапынан шетел инвесторларының Кеңесінде 2015 жылы мақұлданған болатын.

Бүгінде  «ЭФКО» Компаниялар Тобы ҚР-ғы ірі ресейлік инвесторлардың бірі болып табылады. «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-нің директоры Нұржан Кожамуратовтың айтуынша, бүгінгі күннің өзінде компания жобаны жүзеге асыруға шамамен  30 млн. доллар инвестиция құйған, алайда, қаржылық ресурстардан бөлек «ЭФКО» республика аумағына  басқа нарықтардағы екі онжылдықтағы жұмыс барысында меңгерген жаңа технологияларды, сонымен қатар, бірегей тәжірибемен білім алып келді. 

Өндірісті жаңарту мен қазіргі технологияларды енгізу арқасында компания бар болғаны бірнеше айлық жұмысы барысында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы май өнімдерінің өндірісін жақсартты.  Бұл республиканың ішкі қажеттіліктерін жабуға ғана емес, сонымен қоса, қазақстандық өнімді экспортқа шығаруды бастауға мүмкіндік берді.

Осы ретте, ҚР аумағында май клластерін жасау жобасының  әлеуметтік мәні де жоғары және ол білікті мамандардың  өткір жетіспеушілігі мәселесін шешеді. 750 жұмыс орны ашылды, олардың 580-інен астамы – жоғары білікті өндірістік қызметкерлер, компания басшылығының бастамасымен  қызметкердердің кәсіби уәкілеттілігін дамытуға арналған өз Оқу орталығы ашылды,  агро білім жүйесін жетілдіру саласындағы мәселелер қарастырылуда және республикадағы алғашқы май өнімдерінің қолданбалы зерттеулерінің Орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.

«Құрметті Елбасы, Сіздің қолдау көрсетуіңіздің арқасында, күрделі макроэкономикалық жағдайға қарамастан, біз өндіріс пен экспорт көлемін арттыруға ынталымыз – бұл Қазақстанға 2025 жылы Орталық Азиядағы негізгі май өнімдерін жеткізуші болуға мүмкіндік береді,- деді Нұржан Кожамуратов президентке. «Бұл – өте маңызды өндіріс.  Қазір өсімдік майлары үшін Қытай Халық Республикасының жаңа нарығы ашылуда, сондықтан мүмкіндік зор.  Сендердің міндеттерің – аудандарды үлкейту, май алынатын өсімдіктер өсіру, экспорт тауары ретінде барынша көп май өндіру»,- деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Версия для печати

Вакансии: