I & S INNOVATION & SUSTAINABILITY

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші жартыжылдық үшін индустриализациялау қорытындыларын жасап шықты

3 июня 2015 г.

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші жартыжылдық үшін индустриализациялау қорытындыларын жасап шықты

Жарияланды: http://www.almaty.tv

Бірінші жартыжылдықтағы индустриализациялау қорытындыларын Нұрсұлтан Назарбаев жасап шықты. Қазір Екінші бес жылдық картасына жалпы сомасы 170 миллиард теңгеден астам болатын 67 жоба кіріп отыр, пайдалану кезеңінде олар 11 мың дерлік жұмыс орнын жасамақ.

телекөпір барысында ел басшысы белгілі жобалардың стартын жариялады, оның ішінде Алматыдағыларға. Локомотивтерден киімдерге дейін, тағамтану және дәрілер. Президентке еш асырмай, «Қазақстанда жасалған» брендімен кезекті тауарлар жеңісі паш етілді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жергілікті өнім отандық нарықты жаулауын жалғастыруда. Ерекше атап өтетіні, ел басшысын қуантқаны, женңіл өнеркәсіптің сапасы мен өсу динамикасы – балалар ойыншығын, киімдер мен аяқ киімдер шығару.

президент ұсыныстарын ойыншық өндірушілері де алды. Нурсултан Назарбаев балалар тауарлары елдің мәдениетін көрсетуі керек, яғни егер қаһарман болса – батырлар болуы керек – бұл жас буын үшін патриоттық тәрбие болмақ. Өз позицияларын қорғап шығу фармокология да да керек нәрсе – дәріхана сатушы сөресінен қымбат шетел дәрілерін ысырып тастау үшін.

Кейін телекөпір режимінде Президент жаңға өндірістерге старт берді. ИМндстрализациялау күні аясында, атап айтқанда, Алматыда "ЭФКО" ЖШС жетілдірілген май комбинаты іске қосылды. Кәсіпорын қуаты – жылына 120 мың тонна. Бұнда 750 жаңа жұмыс орындары пайда болды.

«Аталған кәсіпорын банкротта болып та үлгерді. Біз алдында және қазіргі таңда да жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, өндірістің бірнешше кезектерін де іске қосып үлгердік. Және толығымен Қазақстан нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшіңн нақты бел будық», - деді "ЭФКО Алматы" ЖШС бас директоры Нуржан Кожамуратов.

Сонымен қатар, Алматының атынан Индустриализациялаудың республикалық картасына жалпы 57 миллиард дерлік сомаға тағы 4 жоба ұсынылды. Оларды іске асыру 1300-ден астам жұмыс орнын туғызуға мүмкіндік беретін болады.

Версия для печати

Вакансии: